үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы жұмыс сапарымен Сючжоу қаласына барды

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы жұмыс сапарымен Сючжоу қаласына барды

10
0

333 Арман

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы жұмыс сапарымен Сючжоу қаласына барды

Қазақстан мен Қытай өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Сючжоу қаласына (Цзянсу провинциясы) жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы жұмыс сапарымен Сючжоу қаласына барды

Сючжоуда Қазақстанның Бас консулы Сючжоу қаласы Халық үкіметінің Төрағасы Ван Цзяньфэнмен, Қытай Халық саяси консультативтік кеңесінің Сючжоу қалалық комитеті Төрағасының орынбасары және Сючжоу қаласы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің Басшысы Цзинь Юнмен, Сючжоу қаласындағы Қытайдың халықаралық саудасына жәрдемдесу комитетінің Төрағасы Чжоу Лиминмен және «XCMG Construction Machinery Corp.» компаниясының Президенті Лу Чуанмен кездесулер өткізді. Аталған кездесулер барысында Қазақстанның өңірлері мен Сючжоу қаласы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-білім беру өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері талқыланды.

Источник: dknews.kz