үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның төрағалығымен ДСҰ-ның Қызметтер саудасы жөніндегі сессиясының отырысы өтті

Қазақстанның төрағалығымен ДСҰ-ның Қызметтер саудасы жөніндегі сессиясының отырысы өтті

9
0

1089 Awrora

Қазақстанның төрағалығымен ДСҰ-ның Қызметтер саудасы жөніндегі сессиясының отырысы өтті

Қазақстанның төрағалығымен Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Қызметтер саудасы жөніндегі комитетінің арнайы сессиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжан қатысушыларды 2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы наурызға дейінгі кезеңде ДСҰ жанындағы 100-ден астам делегациямен арнайы сессияның төрағасы ретінде өткізілген отырыстың қорытындылары туралы хабардар етті.

Аталған отырыстың мақсаты 12-ші Министрлік конференциясының (МК-12) қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерді имплементациялау жұмысына қатысты қызметтер саудасы жөніндегі контекстінде талқылау және пікір алмасу болды. Осыған байланысты, Қазақстанның Тұрақты өкілі МК-12 барысында министрлер дамушы елдердің, оның ішінде аз дамыған елдердің ДСҰ-ның қызмет көрсету жөніндегі жұмысына қатысуын күшейтуге келіскендерін атап өтті.

ДСҰ-ға мүше елдердің делегациялары қоршаған орта, логистика, туризм және ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер секторлары бойынша пікірталастарды қайта бастау мәселесін талқылады. Делегациялар сондай-ақ ДСҰ шеңберіндегі қызметтер нарығына қол жеткізу шарттарын ырықтандыру бойынша елдер қабылдаған міндеттемелер пандемиядан кейінгі кезеңде экономикалық қалпына келтіруге қалай ықпал ететіні туралы ақпаратпен бөлісуге дайын екендігін білдірді.

Қазақстанның төрағалығымен ДСҰ-ның Қызметтер саудасы жөніндегі сессиясының отырысы өтті

Отырыс барысында Қытай өкілі елдерге ұлттық деңгейде қызмет көрсету секторларын ырықтандыру және өңірлік сауда келісімдері шеңберінде қызметтер саудасы үшін преференциялық режим құру бойынша тәжірибелерімен бөлісуді ұсынды.

Сингапур, Таиланд, Канада, Еуроодақ, Бразилия және Ресей делегациялары ақпараттық сессиялар түрінде арнайы сессияның жұмысын жалғастыруды қолдап, өңірлік сауда келісімдері және қызмет көрсету саласын ырықтандыру жөніндегі ұлттық шаралар бөлігінде елдермен өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендігін атап өтті.

ДСҰ-ның Қызметтер саудасы жөніндегі комитетінің арнайы сессиясы ДСҰ-ның Қызметтер саудасы жөніндегі келісімі (ГАТС) шеңберіндегі келіссөздер мәселелерін үйлестіруге жауапты. Қазақстан Арнайы сессияны 2018 жылдың наурыз айынан бастап басқарады.

Источник: dknews.kz