үй Әлем жаңалықтары Қазақтардың сәулет ескерткіштері

Қазақтардың сәулет ескерткіштері

0

434 Арман

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде белгілі суретші Қырым Алтынбеков атындағы көрме-фойе және «Қазақтардың сәулет ескерткіштері» фотогалереясының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шара Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне (Дүниежүзілік мұра күні) орай ұйымдастырылды. Бұл күнді 1982 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес ассамблеясы белгілеген. Мереке 1984 жылдан бері бүкіләлемдік мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында атап өтіледі. 

Шараға белгілі ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Көрме-фойеге белгілі суретші-реставратор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қырым Алтынбековтің жұмыстары қойылды.

«Қазақтардың сәулет ескерткіштері» фотогалереясы жалпы заңдылықтармен халықтық сәулет түрлерінің дамуына байланысты қазақ халқының дәстүрлі білімінің аймақтық ерекшеліктері және жергілікті ерекшеліктерімен таныстырады.

Шараның негізгі бағыты еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға арналады. Аталған көрмелер Отанымыздың тарихи мұрасының алуантүрлілігі мен оны қорғауға және сақтауға жұмсалатын күштер туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version