үй Әлем жаңалықтары БАҚ бостандығы туралы әңгіме: Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатар жүреді

БАҚ бостандығы туралы әңгіме: Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатар жүреді

10
0

1161 Арман

БАҚ бостандығы туралы әңгіме: Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатар жүреді

Венаға сапары барысында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Аустрия Сыртқы істер министрлігінің, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) өкілдерімен, сондай-ақ аустриялық сарапшылармен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аустрия СІМ Бас хатшысы Петер Лаунски-Тиффентальмен келіссөздер аясында тараптар екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Р. Василенко ҚР-дағы кезектен тыс парламенттік сайлаудың қорытындылары, инвестициялық ахуалды жетілдіру және Аустриямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша негізгі бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Аустриялық дипломат елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларды құптап, Қазақстан-Аустрия әріптестігінің келешегін жоғары бағалады. П. Лаунски-Тиффенталь ү.ж. 20 сәуірде Грац қаласында өтетін Қазақстан-Аустрия Экономикалық, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысын өткізуде табыс тіледі.

БАҚ бостандығы туралы әңгіме: Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатар жүреді

Әңгімелесушілер Венада орналасқан ЕҚЫҰ-ның жай-күйі мен даму перспективаларына ерекше назар аударды.

Сол күні Р. Василенко ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесіп, оның барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығын, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл жоспарларын талқылады.

Қазақстандық дипломат ЕҚЫҰ өкілімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған, атап айтқанда, Қазақстанда сұранысқа ие және тәуелсіз медианы дамытуға бағытталған реформаларды жүзеге асыру барысымен бөлісті.

БАҚ бостандығы туралы әңгіме: Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатар жүреді

Өз кезегінде ЕҚЫҰ институтының басшысы өз мандаты шеңберінде Қазақстанға жоспарланған реформаларды іске асыруда одан әрі қолдау көрсетуді жалғастыру ниетін атап өтті.

Аустриядағы сапарының бірінші күнінің соңында Министрдің орынбасары Аустрия еуропалық саясат және қауіпсіздік саясат институтының (AIES) басқарушы мүшесі Мартин Сайдикпен кездесті. Тараптар М. Сайдиктің халықаралық байқаушы ретінде байқау жүргізуге мүмкіндігі болған ҚР-дағы парламенттік сайлаудың қорытындылары мен елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты. Р. Василенко атап өткендей:

«Қиыншылықтарға қарамастан еліміз өте маңызды реформалар кешенін жүзеге асыра алды және бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінің «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына дәйекті түрде берілгендігінің айқын дәлелі» Роман Василенко

М. Сайдик соңғы парламенттік сайлауда шетелдік байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің көптігі арқылы дәлел болған халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстандағы реформаларға қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.

Источник: dknews.kz