үй Әлем жаңалықтары БАӘ-де ежелгі інжу қаласы табылды

БАӘ-де ежелгі інжу қаласы табылды

16
0


                БАӘ-де ежелгі інжу қаласы табылды

Фото: ғаламтордан

   Археологтар Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең көне қаланы тапты, ол Парсы шығанағындағы ең ірі інжу өндіру орталығы болған.

Алматы, NEGE. Дубайдан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде Умм әл-Кайвайн әмірлігінің құрамына кіретін Синия аралында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат WAM-ға сілтеме жасап.

Синия аралынан табылған артефактілер, бір кездері мыңдаған адам өмір сүрген жүздеген үйлер біздің заманымыздың алтыншы ғасырының соңындағы аймақтың исламға дейінгі тарихынан бастау алады. 2022 жылы табылған қала VI ғасырдың аяғы мен VIІІ ғасырдың ортасы аралығында гүлденген және шамамен 1400 жыл болған ежелгі христиандық «Дейр ас-Синия» монастрының жанында орналасқан.

Қала осы монастрьдың оңтүстігінде орналасқан және 12 гектар аумақты қамтиды.

«Бұл жаңалық Умм әл-Кайвайн, БАӘ және Парсы шығанағы елдерінің тарихы үшін үлкен маңызға ие, өйткені інжу аулау жеті мың жылдан астам уақыт бойы өмір сүрудің маңызды бөлігі және көзі, ел мұрасының ажырамас бөлігі болды», – деді БАӘ туризм және көне жәдігерлер департаментінің басшысы Маджид бин Сауд әл-Муалла.

Зерттеулер мен археологиялық қазбалар бұл қала Әмірліктерде бұрын-соңды болмаған ең ірі қалалық қауымдастықтардың бірі екенін көрсетеді, оны орта ғасырларда Рас-Эль-Хаймадағы Джульфар қаласының өркендеуімен салыстыруға болады.

Табылған заттар сол кезде өмір сүрген адамдардың үйлерін інжу-маржан орналасқан жерге жақын салғанын көрсетеді, өйткені інжу қаладағы негізгі кәсіп көзі болған.

Қала араб түбегінде ислам пайда болғанға дейін болған, бұл оның тұрғындары христиан болуы мүмкін деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Інжу аулаушылар қаласы биыл ұйымдастырылған археологиялық қазба жұмыстары маусымының нәтижесінде табылды.

Источник: nege.kz