үй Әлем жаңалықтары Баден-Вюртемберг федералдық жерінде «Nauryz Fest 2023» мерекесі өтті

Баден-Вюртемберг федералдық жерінде «Nauryz Fest 2023» мерекесі өтті

0

693 Арман

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы Германияның Баден-Вюртемберг федералдық жерінде «Qazan e.V» қазақ-неміс достығы қоғамдастығында тойланды. Табиғаты көркем таулар мен ормандармен шектелген Залах ауылында киіз үй тігіліп, дастархан жайылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мерекені тамашалауға мыңнан аса қонақтар қатысты, олардың көпшілігі Қазақстаннан көшіп келген германияның Гессен, Бавария, Саар және Рейнланд-Пфальц федералдық өңірлерінде тұрғылықты тұратын неміс этникасы өкілдері мен жерлестер болды.

Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы өзінің құттықтау сөзінде «Наурыз мерекесі» ата бабаларымыздан келе жатқан біздің бай рухани мұрамыз, Қазақстанда тұратын әрұлттар арасындағы ажырамас байланыстың, жыл сайын өркендеу мен татулықтың жаңарып тұратын және жаңа өмірге деген ұмтылыстың жарқын нышаны, екенін айтып Наурыз бейбітшілік пен жақсылықты бейнелейтінін, қуаныш пен сүйіспеншілікке толы, терең философиялық мәні бар жалпы әлемдік мәдени маңыздылы терең, бірлік пен келісім, достық пен өзара сыйластықты нығайтуға ықпал ететін шын мәнінде жалпыхалықтық мереке екенін атап өтті.

Мерекеге жиналған жергілікті тұрғындар мен қонақтар концерттік бағдарламаларды, театрландырылған көріністерді тамашалады. Қолөнер шеберлері бұйымдары мен аспаздар көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ағаш отырғызу рәсімінде Бас консул достық ағашын отырғызды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version