үй Әлем жаңалықтары Бакуде Қазақстан мен Әзербайжан сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды...

Бакуде Қазақстан мен Әзербайжан сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды өтті

0

365 rob

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов төрағалық еткен Қазақстан-Әзербайжан саяси консультацияларының кезекті раунды өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен одан арғы даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылап, алдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық барысын пысықтады, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы тамызда Әзербайжан Республикасына жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуына ерекше назар аударылды.

Қортындылай келе, тараптар қазақ-әзербайжан ынтымақтастығы оң серпінде әрі табысты дамып жатқанын атап өтті, сондай-ақ екі елдің сыртқы істер министрліктері деңгейіндегі тығыз ынтымақтастықты барлық салалардағы стратегиялық қарым-қатынастарды нығайту мен одақтастық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында одан әрі жалғастыруға ниетті екенін растады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version