үй Әлем жаңалықтары Бали мен Алматы арасындағы жаңа әуе рейсі: туризм мен бизнестің болашағы

Бали мен Алматы арасындағы жаңа әуе рейсі: туризм мен бизнестің болашағы

38
0

353 Арман

Бали мен Алматы арасындағы жаңа әуе рейсі: туризм мен бизнестің болашағы

Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов «Garuda Indonesia» Индонезияның ұлттық әуе тасымалдаушысының президенті Ирфан Сетиапутрамен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Индонезия арасында әуе қатынасын ашу перспективаларын, индонезиялық әуекомпанияның 11 қазақстандық әуежайдың бірін транзиттік бекет, яғни «авиациялық хаб» ретінде үшінші елдерге ұшу, соның ішінде Қазақстанда қолданыстағы «Ашық аспан» режимі шеңберінде «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану, сондай-ақ екі елдің туроператорлары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту арқылы жолаушылар ағынын ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша И. Сетиапутра «Air Astana» қазақстандық әуекомпаниямен ынтымақтастықта жақын арада Денпасар (Бали аралы) және Алматы қалалары арасында Оңтүстік Кореяның Инчон қаласында транзит жасау арқылы рейстің іске қосылатыны туралы хабарлады. Рейс туралы егжей-тегжейлі мәлімет жақын арада хабарланады деп күтілуде.

Жалпы, бұл рейстің іске қосылуы басқа транзиттік қалаларға проекциялау немесе екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу перспективасымен қазақстандық және индонезиялық тараптар арасындағы пилоттық жоба ретінде қарастырылады. Бұл бастама қазақстандық және индонезиялық саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретіні аталуда.

Источник: dknews.kz