үй Әлем жаңалықтары Бейжіңде Астана халықаралық форумы мен Боао азиялық форумы арасындағы өзара ықпалдасу мәселелері...

Бейжіңде Астана халықаралық форумы мен Боао азиялық форумы арасындағы өзара ықпалдасу мәселелері талқыланды

0

208 rob

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Боао азиялық форумының (БАФ) Бас хатшысы Ли Баодунмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында Бас хатшы БАФ-тың 22-ші сессиясы «Белгісіздік жағдайындағы әлем: сын-тегеуріндер аясында даму мақсатындағы ниеттестік пен ынтымақтастық» тақырыбында ағымдағы жылдың наурыз айының соңында Хайнань өлкесінде өтетінін хабарлады.

Ли Баодун Қазақстан Елшісін БАФ-қа дайындық барысымен таныстырып, форум барысында пандемиядан кейінгі кезеңде әлемдік экономиканың қалпына келу қарқынын жеделдетуге байланысты мәселелерге назар аударылатынын атап өтті.

Өз кезегінде Ш. Нұрышев Бас хатшыны ү. ж. 8-9 маусымда Қазақстанда өтетін Астана халықаралық форумына (АХФ) қатысуға шақырып, АХФ шеңберінде БАФ кіші сессиясын ұйымдастыру мүмкіндігін зерделеуді және жалпы екі беделді алаң арасындағы әріптестік қатынастарды қалпына келтіруді ұсынды.

Кездесу соңында тараптар жоғарыда аталған іс-шараларға бірлесіп дайындық жүргізу мақсатында жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.

Боао азиялық форумы – аймақтық экономикалық интеграцияны ілгерілетуге және Азия мемлекеттерінің бірлескен дамуына ықпал етуге арналған үкіметтік емес және коммерциялық емес халықаралық ұйым.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version