үй Әлем жаңалықтары Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы 30 жылдығына орай ҚР СІМ ресми мәлімдемесі

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы 30 жылдығына орай ҚР СІМ ресми мәлімдемесі

18
0

434 Awrora

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы 30 жылдығына орай ҚР СІМ ресми мәлімдемесі

1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға ресми мүше болып, халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісіне айналды.

Бір жылдан кейін атаулы күні 1993 жылдың 16 ақпанында республикамыздың сәулет ескерткіші болып табылатын Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінде Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің алғашқы офисі ашылды. БҰҰ-ның ҚР-дағы алғашқы Тұрақты өкілі Найджел Рингроуз болды.

Содан бері 30 жыл бойы Қазақстан өзінің көпвекторлы, теңдестірілген сыртқы саясатын жалғастырып келеді және БҰҰ-ның жаһандық халықаралық мәселелерді шешудегі қызметі мен күш-жігерін толық қолдай отырып, оның халықаралық қатынастар архитектурасындағы аса маңызды рөлін жоғары бағалайды.

Аталған кезең ішінде Қазақстан мен БҰҰ мықты әрі өзара тиімді қарым-қатынас орната білді. Бұған еліміздің түрлі салаларында жобалық қызметті жүзеге асырып отырған БҰҰ-ның 21 агенттігінің болуы мен белсенді жұмыс істеуі дәлел.

Бас хатшы Антониу Гутерриш бастамашылық еткен жұмыс кеңістігін неғұрлым тиімді пайдалануды қоса алғанда, Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізуде мүше мемлекеттерге қолдау көрсету жөніндегі ұйымның қызметін нығайтуға бағытталған БҰҰ даму жүйесін реформалау үдерісіне практикалық қолдау көрсету мақсатында 2019 жылғы 1 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қазіргі уақытта БҰҰ-ның он сегіз субөңірлік, өңірлік және көпелдік мандатты агенттіктерінің өкілдері табысты жұмыс істеп келе жатқан халықаралық ұйымдардың заманауи ғимаратын салтанатты түрде ашты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы 30 жылдығына орай ҚР СІМ ресми мәлімдемесі

Еліміздің 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы күн тәртібіне бейілділігін растай отырып, Қазақстан Республикасы жаһандық ұйымның өңірлік даму жүйесін реформалау шеңберінде тамаша үлгі бола алатын Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша
БҰҰ-ның Өңірлік орталығын Алматыда құру туралы бастамасын жариялады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, БҰҰ елдік командасын Қазақстан Республикасындағы 30 жылдығымен құттықтаймыз. Еліміз Ұйымның Жарғысына және халықаралық құқық қағидаттарына өзінің берік міндеттемесін тағы да растайды. БҰҰ бүкіл адамзаттың мүдделері мен шұғыл қажеттіліктеріне қызмет ететін жалғыз әмбебап ұйым ретінде таптырмас болып қала береді.

Источник: dknews.kz