үй Әлем жаңалықтары Бизнес-ахуал индексі айтарлықтай ұлғайды – Ұлттық Банк

Бизнес-ахуал индексі айтарлықтай ұлғайды – Ұлттық Банк

20
0

1081 Арман

Бизнес-ахуал индексі айтарлықтай ұлғайды – Ұлттық Банк

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бизнес-ахуал индексі айтарлықтай ұлғайды – Ұлттық Банк

Наурыз айында жеткізілім процесіндегі проблемаларға қарамастан, іскерлік белсенділік жақсарды. Барлық сектордағы кәсіпорындар жаңа тапсырыстар мен тауарлы-материалдық қорлардың көлемі ұлғайғанын айтып отыр.

Іскерлік белсенділіктің жақсаруы кен өндіру өнеркәсібінен басқа секторларда байқалды. Мұнда индекс 48,6-ға дейін (ақпандағы 46,7-ден) біршама өскеніне қарамастан, ұзақ жеткізу мерзімдеріне, жұмыспен қамту деңгейінің және жаңа өнім көлемінің төмендеуіне байланысты теріс жақта қалып отыр. Қалған секторларда жеткізілім мерзімінен басқа индекстің барлық компоненті бойынша оң өзгеріс болды. Өндірісте көрсеткіш айтарлықтай өскен. Мұнда индекс теріс аймақтан оң аймаққа өтіп, 53,1 болды (ақпанда – 49,8). Құрылыс және қызмет көрсету секторында индекс, сәйкесінше, 53,6-ға және 51,6-ға дейін көтерілді (ақпан айында – 51,9 және 50,7).                                                  

Бизнес-ахуал индексі айтарлықтай ұлғайды – Ұлттық Банк

Бизнес-ахуал индексі айтарлықтай ұлғайды. Респонденттердің бағалауы бойынша, наурызда бизнес жүргізу шарттары жақсарды. Кәсіпорындар болашақта да барынша қолайлы бизнес жағдайларын күтеді.

Осылайша, ағымдағы және болашақ бизнес жағдайлардың орташа бағасын білдіретін бизнес-ахуал индексі 16,5-ке дейін көтеріліп (2023 жылғы ақпандағы 12,8-ден), бизнес-цикл «сағатының» көрсеткіші өсу аймағында қалды.

Источник: dknews.kz