үй Әлем жаңалықтары Болгар бизнесі Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Болгар бизнесі Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

3
0

302 rob

Болгар бизнесі Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Қазақстан экспортын ілгерілету және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша экономикалық дипломатияның мақсаттарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгария Сауда-өнеркәсіп палатасының (БСӨП) Басқарма төрағасы Цветан Симеоновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат Болгария Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық серіктесі екендігін атап өтті. Оның айтуынша, Транскаспий халықаралық көлік бағытын немесе Орта дәлізді ілгерілету шеңберінде экономика, ауыл шаруашылығы, IT, туризм, әсіресе көлік және логистика салаларында екіжақты өзара іс-қимылды арттыру үшін айтарлықтай әлеует бар.

Болгар бизнесі Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Сонымен қатар В. Темірбаев Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін, сондай-ақ шетелдік бизнес үшін қолайлы іскерлік ахуалды қамтамасыз ету бойынша мемлекет көздеген шаралармен таныстырды. Ашық және шетелдік әріптестермен бірлесіп іске асыруға дайын 130-дан астам нақты инвестициялық жобаларды ұсынды.

Өз кезегінде Ц. Симеонов болгар бизнесінің Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделілігін растай отырып, ұсынылған инвестициялық жобалар ауыл шаруашылығы, туризм, тау-кен металлургия кешені, фармацевтика, металлургия, құрылыс, IT, білім беру және т.б. салаларда өз қызметін жүзеге асыратын болгар компаниялары арасында таратылатынына сендірді.

Болгар бизнесі Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Сонымен қатар, іскерлік байланыстарды жолға қою және «B2B» желісі бойынша нақты уағдаластықтарға мүмкіндік жасау үшін практикалық шара ретінде Болгария Сауда-өнеркәсіп палатасының алаңында болгар бизнесі үшін Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы презентация ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу соңында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі бірлескен күш-жігер шеңберінде жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.

БСӨП 1895 жылы құрылған және 52 мыңнан астам болгар компанияларын, 100-ден астам қауымдастықтарды және барлық 28 өңірлік сауда-өнеркәсіп палаталарын біріктіреді.

Қазақстандық деректер бойынша, 2005 жылдан бастап 2022 жылдың 3-ші тоқсанына дейін экономикамызға 61,7 млн АҚШ доллары соммасында болгариялық тікелей инвестициялар тартылды, ал кері бағытта – 12,6 млн АҚШ доллар.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда болгар капиталының қатысуымен 121 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 74.

Источник: dknews.kz