Фото: ғаламтордан
Ұлыбритания қауымдар палатасының депутаты Даниэль Кавчинский Моңғолиямен ынтымақтастық тақырыбындағы пікірталас барысында Қазақстанға сапарында алған әсері туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана, NEGE. «Жыл басында Қазақстанда (Астана) сайлауда бақылаушы ретінде болдым. Сол кезде Сыртқы істер министрі (Ұлыбритания Джеймс Клеверли) Астанаға барып, өте маңызды бірқатар маңызды келісімге қол қойды», — деді билеуші консервативті партияның өкілі Даниэль Кавчинский.
Оның пікірінше, бүгінде британдық өнеркәсіп тапшылығын сезініп отырған маңызды пайдалы қазбалардың қомақты қоры бар Қазақстан демократия мен заң үстемдігіне сенімді түрде ілгерілеп келеді.
«Маған Астанадағы сайлауда байқаушы ретінде көргенім қатты әсер етті. Моңғолия мен Қазақстан бір — бірімен қатар орналасқан. Демократия мен бостандыққа негізделген ережелерді енгізуге көмектесетін «ғажайып гүлдер», — деп санайды британдық депутат.
Еске сала кетейік, Даниэль Кавчинский наурыз айында елімізге ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлауды бақылаушы ретінде келген болатын. Қазақстандағы сайлау процесін бақылау үшін оны британ Парламентінің Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі барлық партиялық тобы жіберді.
Источник: nege.kz