үй Әлем жаңалықтары Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақтың дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына арнайы басылымның тұсаукесері...

Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақтың дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына арнайы басылымның тұсаукесері өтті

18
0

166 rob

Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақтың дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына арнайы басылымның тұсаукесері өтті

Дипломатиялық корпус, еуропалық институттардың қызметкерлері, Еуропа елдерінің саясаткерлері мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған Diplomatic World атты брюссельдік журналдың арнайы шығарылымының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Жоғары полиграфиялық сапада шыққан басылымда Қазақстан мен Еуроодақтың сыртқы саяси ведомстволары, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар басшылықтарының, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Еуропалық парламент депутаттарының, ірі бизнес пен азаматтық қоғам өкілдерінің мақалаларымен танысуға болады. 104 бетте еліміздегі саяси және әлеуметтік реформалардың іске асыру барысы, Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының нәтижелері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің қорытындылары, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде «Орталық дәліз» бойынша көліктік өзара байланыс, цифрландыру, сирек жер металдарын өндіру және «жасыл сутекті» пайдалану, гендерлік теңдік, білім беру мәселелері, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі, Қазақстанның инвестициялық және туристік тартымдылығы сияқты тақырыптар қамтылды.

Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақтың дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына арнайы басылымның тұсаукесері өтті

Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақтың дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына арнайы басылымның тұсаукесері өтті

Қазақстанның Брюссельдегі Елшісі Марғұлан Баймұханның айтуынша, «отыз жыл ішінде Қазақстан мен Еуропалық одақ дипломатиялық қатынастарды орнатудан бастап, олардың қазіргі даму кезеңіндегі кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастыққа дейін үлкен жолдан өтті». Елімізде Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған жүйелі реформаларды іске асырудың маңыздылығына жеке тоқтала отырып, ол «19 наурызда еліміздің Конституциясы мен сайлау заңнамасына ауқымды өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін алғаш рет Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу мемлекетіміздің демократиялық институттарын одан әрі нығайтуды көздейтінін» атап өтті.

Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақтың дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына арнайы басылымның тұсаукесері өтті

Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақтың дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына арнайы басылымның тұсаукесері өтті

Таныстырылым рәсімі қонақтарының пікірінше, жаңа басылымның материалдары еуропалық серіктестерді Қазақстанның қазіргі кезеңдегі даму барысы және оның Еуропалық одақпен қарқынды өсіп келе жатқан ынтымақтастығы туралы сапалы ақпараттандыруға қолдау болады.

Источник: dknews.kz