үй Әлем жаңалықтары Бухарестте Қазақстан-Румыния қарым-қатынастарының келешегі талқыланды

Бухарестте Қазақстан-Румыния қарым-қатынастарының келешегі талқыланды

0

247 rob

Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Румынияның Мәдениет министрі Лучиан Ромашканумен және Президенттің Кеңесшісі Луминица Одобескумен кездесіп, оның барысында тараптар елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін іске асырылған жобаларды қанағаттанарлықпен атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық дипломат соңғы жылдардағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңеюі, сондай-ақ екі ел арасындағы транзит-көліктік байланыстың маңыздылығына негізделген стратегиялық әлеуеті бар екіжақты сенімді саяси қатынастарды атап өтті.

Л. Одобеску екіжақты қарым-қатынастардың оң динамикасын баса айтып, конструктивті саяси өзара іс-қимылды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Өз тарапынан Л. Ромашкану Елшіге біздің халықтарымызды жақындастыру үшін екі елдің ұлы ақындары – Абай мен Эминескуды мәңгілікке есте қалдыру, екі елдің астаналарында «Қазақстан» және «Бухарест» алаңдарын ашу бастамасы, румын қалаларында өткізілген концерттер және басқа да мәдени іс-шаралар үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар, Н. Рүстемов сұхбаттастарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген реформалардың жалғасы болып табылатын 2023 жылдың 19 наурызында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы туралы хабардар етті.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version