үй Әлем жаңалықтары Чех саясаткерлері мен сарапшылары Тоқаевтың Жолдауын талқылады

Чех саясаткерлері мен сарапшылары Тоқаевтың Жолдауын талқылады

19
0

2299 Awrora

Чех саясаткерлері мен сарапшылары Тоқаевтың Жолдауын талқылады

Фотосурет: Gov

Чехияда Қазақстан Президентінің Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Прагада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халықына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Чехияның саяси, сараптамалық, академиялық және кәсіпкерлік топтарының өкілдері, соның ішінде Чехия Республикасы Парламенті Төменгі палатасының депутаты Вера Адамкова және Чехияның бұрынғы өнеркәсіп және сауда министрі Ян Младек қатысты.

Чех саясаткерлері мен сарапшылары Тоқаевтың Жолдауын талқылады

Дөңгелек үстелге қатысушыларға Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев өз баяндамасында Жолдаудың негізгі тұстарын ашып, олардың Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту тұрғысындағы маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, қазақ дипломаты Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын жақсарту, оның ішінде заң үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік және тұрақты экономикалық даму қағидаттарын дамыту мәселелеріне ерекше мән бергенін атап өтті. Қаржы саясатын, салық саласын, инвестициялық ортаны жетілдіру, көлік-логистикалық әлеуетті, білім беру және экономиканың басқа да аспектілерін дамыту бойынша тапсырмаларына баса мән берілді.

Чех саясаткерлері мен сарапшылары Тоқаевтың Жолдауын талқылады

ҚР Президенті Жолдауында Қазақстан мен Чехия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыру үшін ашылған перспективалар тұрғысынан Елші шағын авиацияны дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, ормандарды қалпына келтіру міндеттерін атап өтті. Чехияның атом энергетикасы саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум тақырыбына ерекше назар аударылды.

Өзағын авиацияны дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, ормандарды қалпына келтіру міндеттерін атап өтті. Чехияның атом энергетикасы саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселегі рөлін жоғары бағалады. Чехия сарапшылары Президент Қ. Тоқаевтың елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуін және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. Сонымен қатар олар Қазақстанда чех компанияларының өндірісін жергілікті деңгейде орналастыру және өнімдерін Орталық Азия нарықтарына шығару перспективаларына тоқталды. Чех тарапы өзара мүдделі салаларда тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.

Источник: dknews.kz