үй Әлем жаңалықтары ДБ және ХВҚ Көктемгі сессиясының назарында Қазақстанның экономикалық реформалары

ДБ және ХВҚ Көктемгі сессиясының назарында Қазақстанның экономикалық реформалары

12
0

493 Арман

ДБ және ХВҚ Көктемгі сессиясының назарында Қазақстанның экономикалық реформалары

Фотосурет: Samuel Corum/Bloomberg

Ү.ж. 11-16 сәуір аралығында қазақстандық делегация ҚР Ұлттық банкінің төрағасы және Қазақстаннан Халықаралық валюта қорының төрағасы Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық экономика министрі және Қазақстаннан Дүниежүзілік банктің төрағасы Әлібек Қуантыров, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың қатысуымен ДБ мен ХВҚ-ның жыл сайынғы көктемгі сессиясына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

ДБ мен ХВҚ, халықаралық қаржы институттары және АҚШ Сауда палатасы басшыларымен өткен кездесулер екіжақты және көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін мазмұнды түрде талқылауға мүмкіндік берді.

ДБ және ХВҚ Көктемгі сессиясының назарында Қазақстанның экономикалық реформалары

Кездесулерде Қазақстан делегациясының өкілдері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы одан әрі тұрақты дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саяси және экономикалық реформаларының негізгі ережелерімен таныстырды.

ДБ және ХВҚ Көктемгі сессиясының назарында Қазақстанның экономикалық реформалары

Дүниежүзілік банк президенттігіне кандидат Анджай Бангумен және Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Антонелла Басанимен жеке әңгімелесу барысында тараптар ҚР мен ДБ арасындағы жемісті ынтымақтастықты, әлеуметтік-экономикалық серпінді дамытуға бағытталған кешенді жобалардың сәтті жүзеге асырылуын жоғары бағалады. Сондай-ақ, тараптар адами капиталды дамытуға, инклюзивті дамуды ынталандыруға және Қазақстан экономикасын көміртексіздендіруге бағытталған ұзақ мерзімді жоспарларды атап өтті.

ДБ және ХВҚ Көктемгі сессиясының назарында Қазақстанның экономикалық реформалары

«Біз халықаралық инвесторлармен жел энергетикасы саласында бірнеше ірі жобаларды жоспарлап отырмыз және ашық бәсекелестік тәжірибе арқылы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін одан әрі арттыруды күтеміз» Әлібек Қуантыров

Сондай-ақ, ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиеваның Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларға оң бағасын атап өту маңызды.

ДБ және ХВҚ Көктемгі сессиясының назарында Қазақстанның экономикалық реформалары

Қазақстан делегациясының «Moody’s», «Standard&Poor’s», «Fitch Ratings» сияқты «Үлкен үштік» халықаралық рейтинг агенттіктерінің топ-менеджментімен келіссөздері барысында әріптестерге ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері мен келешегі, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ ҚР қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары жеткізілді.

ДБ және ХВҚ Көктемгі сессиясының назарында Қазақстанның экономикалық реформалары

Қазақстандық-америкалық іскерлік кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел аясында қазақстандық делегация еліміздің фискалдық саясаты мен Қазақстандағы бизнес-климатты жақсартуға бағытталған реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

ДБ және ХВҚ Көктемгі сессиясының назарында Қазақстанның экономикалық реформалары

Сонымен қатар қазақстандық делегация өкілдері Орталық Азия, Грузия, Әзербайжан делегацияларымен және ДБ аймақтық директорларымен «Орталық Азияның энергетикалық байланысы және саудасы» форумына, «Орта дәліз: мүмкіндіктер мен қиындықтар» семинарына және Атлантикалық кеңес алаңында сарапшылар қауымдастығымен дөңгелек үстелге қатысты.

Источник: dknews.kz