үй Әлем жаңалықтары Денсаулық сақтау министрлігінде Францияның ҚР-дағы елшісімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті

Денсаулық сақтау министрлігінде Францияның ҚР-дағы елшісімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті

8
0

1305 Awrora

Денсаулық сақтау министрлігінде Францияның ҚР-дағы елшісімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Францияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар аспектілерін талқылады, олар бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді және әріптестік жобаларды іске асыру жоспарланды.

«Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Франция Республикасы Еуропа және сыртқы істер министрлігінің арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық, медицина кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру, онкология және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, медициналық технологиялар мен инновациялар сияқты бағыттар бойынша ниеттер туралы декларация белсенді түрде іске асырылуда» Ажар Ғиният 

Денсаулық сақтау саласындағы инновациялар бойынша іскерлік кездесулер, инвестицияларды тарту және қатысушы елдердің медициналық ұйымдарының арасында байланыс орнату үшін жобаларды дайындау бойынша практикалық семинарлар өткізілді.

Ведомство басшысы халықтың денсаулығын нығайтудың өзекті мәселелерін шешу үшін Қазақстан тарапының елдер арасындағы денсаулық сақтау саласындағы бірлескен қызметті дамытуға мүдделілігін атап өтті.
 
«Біздің әріптестігімізге жаңа серпін беру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Франция Республикасы Денсаулық сақтау және профилактика министрлігінің арасындағы денсаулық сақтау саласындағы келісімге қол қоюды ұсынамын» Ажар Ғиният 

Келіссөздер соңында Ажар Ғиният Француз тарапын МСАК бойынша Алматы Декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және Астананың МСАК бойынша декларацияларының 5 жылдығына және ДДҰ Еуропалық комитетінің 73-ші отырысына арналған Жаһандық конференцияға қатысуға шақырды, аталған іс-шараларды өткізу 2023 жылдың қазан айында Астана қаласында жоспарланып отыр.

Источник: dknews.kz