үй Әлем жаңалықтары Дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы: Қазақстан мен Тәжікстан жаңа жетістіктерге дайын

Дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы: Қазақстан мен Тәжікстан жаңа жетістіктерге дайын

0

313 Арман

Елордада Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан Үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Тарапынан – Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары Роман Скляр, Тәжікстан Тарапынан – Премьер-Министрдің орынбасары Усмонали Усмонзода ҮАК тең төрағалары болып табылады.

Отырыс шеңберінде Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, банк және инвестициялық аясындағы, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация, көлік, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және т.б. салалардағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелерін қозғады.

Тәжікстан Қазақстанның өңірдегі ірі сауда серіктесі болып табылады. Елдер арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 1,44 млрд АҚШ доллары құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 23%-ға артық. Іс-шара барысында Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары Роман Скляр таяудағы жылдары 2 млрд АҚШ доллары мөлшерінде екіжақты тауар айналымына қол жеткізу жөніндегі мемлекет басшыларының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды әртараптандырудың және жеткізілетін тауарлар номенклатурасын ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.

Биыл қазақ-тәжік дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Роман Скляр екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылды одан әрі арттыруға дайын екендігін растады.

Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан-Тәжікстан Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-отырысының хаттамасына қол қойылды. Үкіметаралық комиссияның келесі 18-ші отырысы Тәжікстан Республикасында өтеді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version