үй Әлем жаңалықтары Дипломаттар Қазақстанның БРИКС ұйымымен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады

Дипломаттар Қазақстанның БРИКС ұйымымен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады

25
0

426 Арман

Дипломаттар Қазақстанның БРИКС ұйымымен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады

Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Сыртқы істер министрлігінің БРИКС істері жөніндегі Бас директоры Анна Мария Бирренбахпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бразилия ынтымақтастығының екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, екі мемлекет арасында тұрақты диалогтың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы белсенді өзара іс-қимылдың бар екендігін мәлімдеді. Осы тұрғыда дипломаттар Қазақстанның Бразилия мүшесі болып табылатын БРИКС ұйымымен өзара іс-қимыл перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.

Қазақстан Елшісі бразилиялық тарапты Бразилияның бұрынғы президенті Дилма Руссеффтің жаңа БРИКС даму банкінің басшысы болып сайлануымен құттықтады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты негізде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Биыл Қазақстан мен Бразилия дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

Источник: dknews.kz