үй Әлем жаңалықтары ЕЭК Кеңесінде автокөліктегі SOS батырмасы мен өздігінен жүретін техникаға электрондық паспорттарды енгізу...

ЕЭК Кеңесінде автокөліктегі SOS батырмасы мен өздігінен жүретін техникаға электрондық паспорттарды енгізу кейінге қалдырылды

15
0

306 Awrora

ЕЭК Кеңесінде автокөліктегі SOS батырмасы мен өздігінен жүретін техникаға электрондық паспорттарды енгізу кейінге қалдырылды

Қазақстанның бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2023 жылғы 15 ақпанда онлайн режимде өткен кезекті отырыста жеке автокөлікті SOS батырмасымен міндетті жарақтандыруды қолданысқа енгізу мерзімін 1 жылға ұзартты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырыста қазақстандық тарапты Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин басқарды.

ЕАЭО елдерінің аумағына әкелінетін N және M (жүк және жолаушы) санатындағы жеке автокөлікті шұғыл және жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен (SOS батырмасымен) жарақтандыру жөніндегі талаптар Кеден одағының техникалық регламентінде айқындалған.

2024 жылғы 1 ақпанға дейін ЕАЭО елдерінің осы санаттағы көлік құралдарының ресми импорттаушылары мен өндірушілері осы міндеттемелерден босатылған болатын.

Бұл ретте осы санаттағы көлікті өз қажеттіліктері үшін сатып алған азаматтарға бұл ұзарту қолданылмады, олар үшін 2023 жылғы 1 ақпанға дейін өтпелі кезең көзделген. Автокөлік иелерінің қондырғының қымбаттығына (шығарылған жылына байланысты кедендік тазарту құнының шамамен 25%-ы), микросхемалардың тапшылығына және SOS түймелерін дайындауға арналған жиынтықтауыштардың болмауына қатысты өтініштерін назарға ала отырып, қазақстандық тарап міндетті жарақтандыру мерзімін бір жылға ұзарту мәселесін көтерді. ЕЭК Кеңесінің мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Енді ЕАЭО елдерінің аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелінетін M және N санаттағы көлік құралдары 2024 жылғы 1 ақпанға дейін шұғыл және жедел қызметтерді шақыру жүйелерімен міндетті жарақтандыру талабынан босатылады.

ЕЭК Кеңесінде автокөліктегі SOS батырмасы мен өздігінен жүретін техникаға электрондық паспорттарды енгізу кейінге қалдырылды

Сонымен қатар өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техниканың қағаз паспорттарын электрондық түріне ауыстыру үшін тағы бір ұзарту жасалды. ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы тапсырмасы бойынша І жартыжылдықта электрондық паспорттар жүйелерінің жаңа архитектурасын және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу қажет, ал 2022 жылы белгіленген өтпелі кезең мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Осылайша, бұрын қабылданған шешімдер ЕАЭО аумағында өздігінен жүретін және басқа да техниканың айналыс еркіндігіне әсер етпеуі үшін ЕЭК Кеңесі 2023 жылғы 30 маусымға дейін электрондық паспорттарды ресімдеу бойынша өтпелі кезеңнің аяқталу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Источник: dknews.kz