300 Awrora
Фотосурет: Gov
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын САК Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің Бас директоры Мұхаммед әл-Матрафимен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесу барысында дипломаттар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді, оның ішінде алдағы уақытта жоспарланып отырған Үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысы, Іскерлік кеңестің 1-ші отырысы, Инвестициялық дөңгелек үстел және Сімаралық консультациялар сияқты бірлескен іс-шараларға дайындық барысын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы достық қатынастарды дамыту және нығайту мақсатында бірлескен күш-жігерді жалғастыруға келісті.
Источник: dknews.kz