үй Әлем жаңалықтары Экономикалық ынтымақтастық Қазақстан мен Болгарияның ерекше назарында

Экономикалық ынтымақтастық Қазақстан мен Болгарияның ерекше назарында

0

224 rob

Экономикалық дипломатия бағыты бойынша бірінші кезектегі міндеттерді іске асыру аясында Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Экономика және өнеркәсіп министрі Никола Стояновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде басым бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты арттыру жөніндегі нақты мәселелер мен бастамалар талқыланды.

Тараптар Қазақстан-Болгария экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті 5-ші отырысын әзірлеу және өткізуге байланысты мәселелер бойынша нақты келіссөздер жүргізіп, сондай-ақ 2023 жылдың көктемінде Болгария Сауда-өнеркәсіп палатасының алаңында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығын тарта отырып кең ауқымды болгар бизнесі өкілдерінің қатысуымен өтетін Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстыру іс-шарасын ұйымдастыру туралы уағдаласты.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Болгарияның Экономика және өнеркәсіп министрлігінің басшысын елімізде мемлекеттік билік институттарын саяси жаңғырту шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен, оның ішінде алдағы 2023 жылғы 19 наурыздағы парламенттік сайлаумен, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы реформалармен егжей-тегжейлі таныстырды.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, В. Темірбаев сұхбаттасын 2023 жылғы 8-9 маусымда елордада өтетін Астана халықаралық форумының жұмысына қатысуға шақырды. Өз кезегінде Н. Стоянов Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда практикалық өзара іс-қимылды арттыруға дайын екенін растады.

Соңында тараптар кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша тығыз жұмыс байланыстарын сақтауға келісті.

2022 жылы Қазақстан мен Болгария арасындағы тауар айналымы 181,3 млн АҚШ доллар құрады, оның ішінде экспорт – 142,4 млн АҚШ доллар, импорт — 38,9 млн АҚШ доллар. 2022 жылдың 3 тоқсанында Қазақстанға 5,99 млн АҚШ доллар көлемінде болгар тікелей инвестициялары тартылды. Жалпы, 2005 жылдан бастап ұлттық экономикаға Болгариядан 61,7 млн АҚШ доллар тартылса, ал кері бағытта — 12,6 млн АҚШ доллар инвестиция салынды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version