үй Әлем жаңалықтары Экс-президент Ресейді қолдауға шақырды

Экс-президент Ресейді қолдауға шақырды

21
0


                Экс-президент Ресейді қолдауға шақырды

Фото: ғаламтордан

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар АҚАЕВ Украинамен соғыста Ресейді қолдауға шақырды. Бұл туралы ол RT телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Алматы, NEGE. «Қырғызстан Ресейдің одақтасы ретінде және Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының мүшесі ретінде, әрине, Ресейді қолдауға міндетті. Ресейге қазір қолдау аса қажет. Дәл осындай қиын күндерде одақтас танылады», – депті Асқар АҚАЕВ.

А.Ақаев. Фото: ғаламтордан

А.Ақаевты қырғыз халқы 2005 жылғы төңкеріс кезінде елден қуып жіберген. Содан бері ол Мәскеуде тұрады, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқиды. 

#путин #зеленский #ақаев

Источник: nege.kz