үй Әлем жаңалықтары Ер адам жаңа туған қызын 1,3 млн теңгеге сатпақ болған

Ер адам жаңа туған қызын 1,3 млн теңгеге сатпақ болған

10
0


                Ер адам жаңа туған қызын 1,3 млн теңгеге сатпақ болған

Фото: ғаламтордан

Өзбекстанның Сурхандария облысының Ангор ауданында ер адам екі күндік қызын 1,3 миллион теңгеге сатпақ болған.

Алматы, NEGE. Құқық қорғаушыларға бұл туралы қылмыскердің көршісі хабарлаған.

Оның айтуынша, Ангор ауданында тұратын 54 жастағы ер адам 17 шілдеде туған қызын 35 миллион сумға сатпақшы болған. Ол төрт жылдан бері 29 жастағы әйелмен азаматтық некеде болған.

Қаскүнем 19 шілдеде сағат 21:00-де ұсталды. Оны өз үйінде 1,4 мың доллар және 10 млн сум алып жатқан кезінде ұстаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Источник: nege.kz