Фото: ғаламтор
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның президенттік сайлаудағы бұрынғы қарсыласы Кемал Кылычдароғлу жол апатына ұшырады. Бұл туралы Star газеті жазды.
Алматы, NEGE. «Оппозициялық Халықтық-республикалық партияның жетекшісі, президенттікке бұрынғы кандидат Кемал Кылычдароғлуның кортежінде 7 көліктің қатысуымен жол апаты болды”, – деп жазды басылым.
Сондай-ақ, жол апатына журналистер мінген шағын автобус та түсіп, салдарынан төрт адам, оның ішінде екі БАҚ қызметкері зардап шекті.
Источник: nege.kz