үй Әлем жаңалықтары Ереванда Қазақстандағы алдағы парламент сайлауы талқыланды

Ереванда Қазақстандағы алдағы парламент сайлауы талқыланды

12
0

514 Awrora

Ереванда Қазақстандағы алдағы парламент сайлауы талқыланды

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Ұлттық Жиналысының аппарат басшысы, бас хатшысы Давид Аракелянмен және армян депутаттарымен кездесті. Әңгіме барысында Қазақстан-Армения парламентаралық ынтымақтастығын одан әрі дамыту және нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы туралы хабардар етті. Конституциялық реформа мен Қазақстанда алдағы парламенттік сайлауды дайындау және өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Армян тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалап, екіжақты деңгейде, сондай-ақ халықаралық парламенттік ұйымдар шеңберінде парламентаралық байланыстарды нығайту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін білдірді. Д. Аракелян ү.ж. 19 наурызда Қазақстандағы парламенттік сайлауға халықаралық байқаушылар ретінде Армения парламенті депутаттарының қатысатынын растады.

Кездесу барысында сонымен қатар 2023 жылы бірлескен екіжақты және халықаралық парламентаралық іс-шаралар кестесі қарастырылды.

Источник: dknews.kz