үй Әлем жаңалықтары Ереванда Димаш пен Dears фан-кездесуі өтті

Ереванда Димаш пен Dears фан-кездесуі өтті

26
0

348 Арман

Ереванда Димаш пен Dears фан-кездесуі өтті

Фотосурет: DimashNews

29 сәуірде Ереванда «Stranger» әлемдік тур бағдарламасымен Димаштың алғашқы жеке концерті өтті, ал келесі күні Dwin Hotel-де әртістің жанкүйерлері Meet & Greet форматындағы әртіспен кездесуге жиналды.

Іс-шараны Димаштың інісі, жас музыкант Әбілмансұр Құдайберген ашты, ол «Ұмытылмас күн» композициясының аспаптық нұсқасын әдемі Dears хорымен орындады.

Ереванда Димаш пен Dears фан-кездесуі өтті

Димаш көрермендермен әр тілде амандасып, қолдаулары үшін алғысын білдірді;

«I am a Singer» жобасынан бері 6 жыл өтті және осы жылдар ішінде мен Сіздердің қолдауларыңыз бен жылулықтарыңызды сеземін. Мен әлемдегі ең бақытты әртістердің бірімін, себебі әр әртіс өзінің барлық шығармашылық амбицияларын әрқашан сіз сияқты көрермендер қолдайтынын армандайды» Димаш Құдайберген

Ереванда Димаш пен Dears фан-кездесуі өтті

Кездесуде Dears және әртіс концерт туралы пікір алмасты. Жанкүйерлер «Сіз біздің Instagram-дағы пікірлерімізді біздің жазбаларымыздан оқисыз ба?», деген сияқты қызықты сұрақтар қойды.

Кеш барысында дудук ойынының шебері Геворг Дабагян Димашқа әртіске қатты ұнайтын осы көне армян музыкалық аспабын сыйға тартты.

Ереванда Димаш пен Dears фан-кездесуі өтті

Армения музыкасына деген көзқарас туралы сұраққа Димаш:

«Таңғажайып музыка. Кеше ғана, концерттің алдында мен әр түрлі армян халық әндерін естідім. Ал қазір, концертке бірнеше сағат қалғанда бұл әнді естідім. Ол маған қатты ұнағаны соншалық, мен бірнеше сағат ішінде мәтінді тез үйреніп, оны сол күйінде ұсынуға тырыстым. Шуақты Арменияның барлық тұрғындарына менің орындауымды өте жылы қабылдағаны үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Бұл сіздердің халық әндеріңізге деген шуақты Қазақстаннан жылы лебіз еді» Димаш Құдайберген

Источник: dknews.kz