үй Әлем жаңалықтары Эстония СІМ-де Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

Эстония СІМ-де Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

17
0

829 Awrora

Эстония СІМ-де Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің бас директоры Марге Мардисалу-Кахармен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Эстония ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағын талқылады. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың қаңтар айында Астанада өткізілген екі ел сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың қорытындысы шығарылды.

М. Мардисалу-Кахар консультациялардың сәтті өткенін, Қазақстанмен екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын атап өтті.

Өз кезегінде қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны өзекті сыртқы саяси бастамалар мен Қазақстанның парламентіне және жергілікті өкілді органдарына алдағы сайлау тұрғысында еліміздегі саяси әрі әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті.

Эстония СІМ-де Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендігін растады.

Источник: dknews.kz