үй Әлем жаңалықтары Еуропалық Одақ Қазақстанды «қара тізімге» енгізген жоқ

Еуропалық Одақ Қазақстанды «қара тізімге» енгізген жоқ

11
0

979 Арман

Еуропалық Одақ Қазақстанды «қара тізімге» енгізген жоқ

Фотосурет: СР

2023 жылдың 1 наурызынан кейін Қазақстан азаматтарына Шенген визасын беру тәртібінде айтарлықтай өзгерістер болмайды, және Еуропалық Одақ Қазақстанды «қара тізімге» енгізген жоқ, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ереже бойынша, Шенген визасын беру туралы шешімді ЕО-ға мүше мемлекеттің тиісті консулдығы 15 күн ішінде қабылдайды. Бұл ереже Қазақстанға да қатысты қолданылатын болады.

Ерекше, жеке жағдайларда, егер өтінішті егжей-тегжейлі тексеру және/немесе қосымша құжаттарды ұсыну қажет болса, бұл мерзім 45 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл тәжірибе тек ерекше жағдайларда ғана ұлтына қарамастан барлық өтініш берушілерге бұрынан бері қолданылып келеді.

Қазақстан үшін жақында енгізілген қосымша консультациялар өткізу рәсімі жеті күнге дейін созылуы мүмкін және бұл консультациялар стандартты 15 күндік рәсім аясында жүргізіледі. Сондықтан өтініш берушілердің виза алу уақыты айтарлықтай ұзармайды.

Қосымша консультациялар – бірқатар елдерге қолданылатын және Виза кодексімен реттелетін стандартты рәсім. Шенген аймағына мүше мемлекеттер бір-бірімен кеңесу үшін жүйелі түрде пайдаланып отыратын Шенген ақпараттық жүйесінде (SIS) «қара тізімдер» жоқ.

Виза алу тәртібі бойынша жалпы ақпаратты Көші-қон және ішкі істер жөніндегі Бас директораттың веб-сайтынан табуға болады.

Шенген ақпараттық жүйесі аясында Қазақстан үшін қосымша консультацияларды енгізу әртүрлі бағыттар мен өзара мүдделі салаларда қарқынды дамып келе жатқан ЕО мен Қазақстан арасындағы тамаша қарым-қатынастарға ешқандай қатысы жоқ.

Источник: dknews.kz