үй Әлем жаңалықтары Еуропарламентарий Қазақстанның демократиялық жолына қолдау білдірді

Еуропарламентарий Қазақстанның демократиялық жолына қолдау білдірді

4
0

168 Awrora

Еуропарламентарий Қазақстанның демократиялық жолына қолдау білдірді

Фотосурет: Gov

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Еуропалық Парламент мүшесі Андрей Новаковпен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат еуродепутатты елдің саяси жүйесіндегі соңғы өзгерістер және өткен жылдың сайлау кезеңінің нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар, Елші В. Темірбаев Қазақстан-Болгария мен Қазақстан-Еуропа қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ оларды одан әрі тереңдету жоспарлары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде еуродепутат жүргізіліп жатқан реформаларды құптап, олар Қазақстанның демократиялық даму жолымен жүруге деген шынайы ұмтылысын көрсететінін атап өтті.

Еуропарламентарий Қазақстанның демократиялық жолына қолдау білдірді

Бұдан басқа, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты мен әлеуметтік-экономикалық дамуы, АЭС салу және басқа да өзекті тақырыптарға арналған қаңтардағы сұхбат мазмұнына да ерекше назар аударылды.

Соңында тараптар кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.

Источник: dknews.kz