үй Әлем жаңалықтары Фархат Әбдірайымовтың соңғы фильмі: Қазақстан мен Грузияның бірлескен өндірісінің романтикалық комедиясы

Фархат Әбдірайымовтың соңғы фильмі: Қазақстан мен Грузияның бірлескен өндірісінің романтикалық комедиясы

11
0

260 Арман

Фархат Әбдірайымовтың соңғы фильмі: Қазақстан мен Грузияның бірлескен өндірісінің романтикалық комедиясы

Қазақстан мен Грузия бірлесіп шығарған «Больше чем любовь» романтикалық комедиясы 9 наурыздан бастап кинотеатрлардың экранына шықты. Фильм бір кездері ата-бабалары берген уәдесін орындау үшін Алматыға ұшып келген  грузиндердің Қазақстандағы шытырман оқиғалары туралы әңгімелейді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кинодағы оқиға Ұлы Отан соғысының майдан даласынан басталады. Екі барлаушы — грузин Вано мен қазақ жігіті Бақытжан әуе шабуылына ұшырайды. Бақытжан басын қатерге тіге отырып, досын құтқарып қалады. Вано ажал аузында жатқан Бақытжанға: «Балаларымыз туысқан болады»,- деп ант береді. Алайда уәдесін орындай алмайды. Енді аталарының антын немерелері орындауға бекінеді. Нағыз шытырман оқиға, міне, осы жерден басталады.

Фильмдегі рөлдерді қазақ актерлері Шәріп Серік, Төлепберген Байсақалов, Азат Сейітметов, Данагүл Темірсұлтанова, Қарлығаш Исабекова, Тәуекел Мүсілім, сондай-ақ грузин актерлері Натия Цицилашвили, Илья Чхайдзе, Зураб Кипшидзе сомдаған. Танымал қазақстандық актер Фархад Әбдірайымов үшін бұл кинодағы соңғы рөлі болды. Жобаға қатысқан атақты Вахтанг Кикабидзе де жақында өмірден озды. 

Фильмінің саундтрегіне айналған «Быть с тобой» әнінің авторы әрі орындаушысы — Сосо Павлиашвили. Ал сөзін белгілі сазгер Константин Меладзе жазған. 

Фильм — халықтар мен елдерді біріктіре алатын басты мақсатты — махаббат пен достықты бейнелейді.

Источник: dknews.kz