үй Әлем жаңалықтары Франция президенті зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды

Франция президенті зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды

11
0


                Франция президенті зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды

Фото: ғаламтордан

Франция президенті Эммануэль Макрон зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды.

Алматы, NEGE. Құжат сенбі күні Франция Республикасының ресми газетінде жарияланды, деп хабарлайды ТАСС. 

«Осылайша, Әлеуметтік қамсыздандыру кодексіне өзгеріс енгізілді (…) Бірінші бөлімдегі «алпыс екі» деген жері «алпыс төрт» деген сөзбен ауыстырылды» делінген құжат мәтінінде.

Бұл жұма күні Францияның Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасын ішінара заңды деп танып, зейнеткерлікке шығудың ең төменгі жасын 62-ден 64 жасқа дейін көтеру туралы негізгі бапты мақұлдағаннан кейін болып отыр.

Жұма күні республиканың Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасының негізгі ережелерін мақұлдағаннан кейін Францияның бірқатар қаласында наразылық демонстрациялары өтіп, оның соңы тәртіпсіздік пен полицейлермен қақтығысқа ұласты.

Источник: nege.kz