үй Әлем жаңалықтары Францияда Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлау талқыланды

Францияда Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлау талқыланды

12
0

284 rob

Францияда Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлау талқыланды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлаудың жаңа жүйесі Францияның парламентшілері, саясаттанушылары мен сарапшылары үшін Париждегі Қазақстан Елшілігінде өткен сараптамалық кездесудің басты тақырыбы болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Францияда Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлау талқыланды

Францияда Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлау талқыланды

Іс-шараны ашқан Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова жаңа қағидаларға сәйкес өткізілетін Парламенттің төменгі палатасына және жергілікті өкілді органдарға сайлаудың негізгі аспектілері туралы айтып берді. Парламенттік сайлау Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған еліміздің саяси жүйесін терең жаңғыртуға бағытталған реформалардың қорытынды кезеңі болып табылатынына ерекше назар аударды.

Францияда Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлау талқыланды

Францияда Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлау талқыланды

Қазақстандық дипломат жаңартылған Мәжіліс неғұрлым өкілді және белсенді болады, ол өзекті мәселелер бойынша сындарлы пікірталас жүргізетін алаңға айналады деп күтілуде екенін айтты.

Францияда Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлау талқыланды

Өз кезегінде, іс-шараға қатысушылар аралас жүйе бойынша өтетін парламенттік сайлауға шынайы қызығушылық танытты. Олар өзін-өзі ұсынған кандидаттардың, 30% квота негізінде әйелдердің, жастар мен аса қажеттіліктері бар азаматтардың бәсекеге белсенді қатысуларын атап өтті.

Францияда Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлау талқыланды

Талқылау барысында сарапшылар тәуелсіз үміткерлердің сайлау науқанын қаржыландыру, сондай-ақ болашақта жергілікті өкілді органның жаңадан сайланған депутаттары мен облыстардың әкімдері арасындағы өзара іс-қимылдарына қатысты сұрақтар қойды.

Кездесуге қатысушылар сайлау науқанының үлкен бәсекелестік жағдайында өтетінін пайымдап, дауыс беру нәтижелерін күтетіндерін жеткізді.

Источник: dknews.kz