үй Әлем жаңалықтары Гонконгта Наурыз мерекесі тойланды

Гонконгта Наурыз мерекесі тойланды

8
0

287 Арман

Гонконгта Наурыз мерекесі тойланды

31 наурызда ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулдығының қолғабысымен Гонконгта ҚР азаматтарының, оның ішінде студенттер мен шетелдік қонақтардың қатысуымен Наурыз мейрамы ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Гонконгта Наурыз мерекесі тойланды

Іс-шараның салтанатты ашылуында ҚР Бас консулы А.Сейтақынов қатысушыларды дәстүрлі Наурыз мерекесімен құттықтап, достықты, бірлікті және өзара сыйластықты нығайтуға ықпал ететін мерекенің мәдени және тарихи маңыздылығын атап өтті.

Гонконгта Наурыз мерекесі тойланды

Гонконгта Наурыз мерекесі тойланды

Қонақтар Қазақстан халқының мәдениеті және салт-дәстүрлерімен, Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен танысты. Қазақстандық студенттер күйлер, әндер мен билерді орындады. Мерекеге қатысушылар әр түрлі конкурстар мен ұлттық ойындарға, соның ішінде арқан тартуға қатысты.

Шетелдік азаматтар дәстүрлі тағамдарды дәм татты (бауырсақ, наурыз көже, қазы, құрт және т.б.).

Источник: dknews.kz