үй Әлем жаңалықтары Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

9
0

1502 rob

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі халықаралық және женевалық қоғамдастықты еліміздің мәдениеті және өнерімен таныстыру үшін Наурыз күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

20 наурызда Тұрақты өкілдікте өткен мерекелі іс-шараға «Женева әйелдері», «БҰҰ әйелдері» және «Азия елдерінің әйелдері» қауымдастықтарының мүшелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус басшыларының жұбайлары қатысты. Жоғары лауазымды қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық киім-кешегі, аспаптары және тағамдарымен жақынырақ танысты. Іс-шара соңында әрбір қатысушы қазақ қонақжайлылығының үздік дәстүрлері бойынша Наурыз көжеден дәм татты.

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

21 наурызда Қазақстанның Тұрақты өкілдігі басқа елдермен (Ауғанстан, Үндістан, Иран, Ирак, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан) бірлесіп ұйымдастырған салтанатты іс-шара өтті. Мерекеге халықаралық ұйымдардың басшыларын, дипломатиялық корпус өкілдерін, сондай-ақ Женевада тұратын Қазақстан азаматтарын қоса алғанда, бір жарым мыңнан астам қонақ қатысты. Қонақтарға Наурыз көже, қымыз, бауырсақ және тәттілер сияқты дәстүрлі тағамдар ұсынылды.

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Ұлттық мәдениетіміздің бай мұрасын ілгерілету мақсатында Н. Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының фольклорлық кәсіби ұжымдық ансамбльдері Женеваға шақырылып, «Мұрагер» қазақ халық аспаптар ансамблі, «Інжу-Маржан» бишілер тобы және солистер Меруерт Уәли мен Жасұлан Базарбаев мерекелік концерттерде өнер көрсетті.

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Сонымен қатар, Женева жоғары музыкалық мектебімен ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында «Мұрагер» ансамблінің классикалық және халық аспаптарында этно-музыка ойнайтын «l’ Ensemble Oriental» ансамблінің музыканттарымен достық кездесуі өтті.

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Халықаралық дипломатия астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді

Жалпы, өткізілген іс-шаралар Женева жұртшылығының еліміздің мәдениетіне үлкен қызығушылығын тудырды және қазақстандықтарға өздерін үйдегідей сезінуге мүмкіндік берді.

Источник: dknews.kz