192 Awrora
Фотосурет: kdb.kz
ҚДБ Парсы шығанағы мен Орталық Азия елдері арасындағы инвестициялық форумға қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) Орталық Азия мен Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің елдері арасындағы инвестициялық форумға қатысты. Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева Банктің «жасыл» бастамалары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «жасыл» күн тәртібін таныстыра отырып, «Жаңартылатын және таза энергетика» тақырыбына арналған пікірталас панелінде сөз сөйледі.
«Даму Банкі жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды белсенді қолдайды және ҚР нарығында электр энергиясының тапшылығын азайтуға тырысады. Банк тұрақты дамудың халықаралық стандарттарына сәйкес келуге, оның ішінде өз қарыз алушылары қызметінің осы қағидаттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге ниетті. Бұл ҚР Үкіметінің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегиялық мақсатын іске асыру аясындағы Банктің тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге және төмен көміртекті экономикаға көшуге жәрдемдесуге дайындығын көрсетеді» Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева
Талқылау аясында Ботагөз Әбішева ҚДБ-ның жаңартылатын энергия көздері бағытындағы қызметті дамыту жөніндегі жоспарларын ұсынды. Төмен көміртекті даму және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін қажетті қосымша ресурстарды тарту мақсатында Банк «жасыл» қаржыландыру және халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру тетігін пайдалануды кеңейтуге, сондай-ақ жергілікті және халықаралық капитал нарықтарында жасыл, әлеуметтік және тұрақты облигациялар шығару арқылы халықаралық қорлар мен жеке инвесторлардың қаражатын тартуды жалғастыруға ниетті.
Айта кетейік, ҚДБ-дан қаржыландыру алған ЖЭК жобаларының жалпы белгіленген қуаты 560 МВт құрайды. Бұл 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында өндірілетін «жасыл» энергияның жалпы көлемінің 20%-на тең.
Инвестициялық форум бағдарламасы аясында ҚДБ өкілдері Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрі Х. Әл-Фалихпен, сондай-ақ Сауд экспорттық-импорттық банкі мен Сауд Даму қорының басшылығымен кездесті. Қаржы институттарымен кездесулер бұрын жүргізілген келіссөздердің жалғасы болды және бірлескен бастамаларды іске асыру үшін негіз қалады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін кездесулер барысында Сауд Арабиясының қаржы институттарымен екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері, соның ішінде Банк жобаларын қаржыландыру үшін қаражат тарту қарастырылған болатын.
Источник: dknews.kz