Фото: видеодан скриншот
Судан астанасы Хартумдағы халықаралық әуежайда жарылыс болды. Қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ, деп жазды 24.kz.
Алматы, NEGE. Куәгерлер кеше қалада қарулы қақтығыс болғанын хабарлайды. Атыс-шабыстың жарылысқа қатысы бар ма, жоқ па — әзірге белгісіз. Шығыс Африкадағы бұл мемлекетте биыл сәуірден бері жағдай тыныш болмай тұр. Ол кезде ел әскері мен жедел әрекет ету күштері арасында қарулы қақтығыс басталған.
БҰҰ-ның мәліметінше, шиеленістен кемі 4 мың адам көз жұмған. Бірақ жергілікті дәрігерлер құрбандар саны әлдеқайда көп екенін айтады. Бұдан бөлек бір миллионнан астам адам үй-жайын тастап, Египет, Чад, Оңтүстік Судан, Эфиопия мен Орталық Африка Республикасына бас саулаған. Атыс-шабыс салдарынан гуманитарық дағдарыс ушығып кетті. Сөйтіп бүгінде жүздеген аурухана жұмыс істемей тұр. Азық-түлік тапшы. Су мен жарықсыз отырғандар да көп.
Источник: nege.kz