үй Әлем жаңалықтары Иерусалим Патриархы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Иерусалим Патриархы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

13
0

1232 rob

Иерусалим Патриархы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов Иерусалим Патриархы Теофил III-пен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Патриарх Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен, қасиетті Рамазан айының басталуымен және келе жатқан православиелік Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтады. Кездесу барысында 2023 жылғы 15 сәуірде Иерусалимде өтетін рәсімде түсірілетін Қасиетті отты қазақстандық православие шіркеуінің өкілдеріне тапсыру мәселелері талқыланды.

Иерусалим Патриархы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Теофил III Астанаға барған сапары барысында діни көшбасшыларымен болған кездесулерін жылы лебізбен еске алып, Қазақстан халқының достығын, өзара түсіністігін, төзімділігі мен бірлігін жоғары бағалады. Осыған орай, ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізді.

Қазақстандық дипломат Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметіне жан-жақты қолдау көрсетіп, оның отырыстарына тұрақты қатысқаны үшін Патриархқа алғыс білдірді.

Теофил III ең көне православ шіркеулерінің бірін басқарады және православиелік жетекшілер тізімінде Константинополь, Александрия және Антиохия патриархаттарынан кейін төртінші орында. Оның епархиясына Израиль, Иордания және Палестинаның православиелік шіркеулері кіреді. Иерусалим Патриархатының тарихы шамамен 2000 жыл бұрын басталады және оның қазіргі Израиль аумағындағы мәртебесі мен орны Халифа Омар ибн Хаттаб пен Патриарх Софроний арасындағы 638 жылы жасалған келісіммен бекітілген. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Израильде шамамен 170 мың христиан дінінің өкілдері тұрады.

Источник: dknews.kz