үй Әлем жаңалықтары ІІМ-де Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық талқыланды

ІІМ-де Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық талқыланды

0

324 Awrora

ІІМ-де Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Көші-қон саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов пен Өзбекстанның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев талқылады.

Атап айтқанда, ІІМ-де өткен кездесуде Өзбекстан азаматтарының біздің елімізде болуы, тараптар азаматтарының конституциялық құқықтарының бұзылуына, сондай-ақ адам саудасына, заңсыз бас бостандығынан айыруға қарсы іс-қимыл және заңсыз жүрген азаматтардың еліне қайтару сұрақтары талқыланды.

Сонымен бірге, Ниязходжаев мырза 19-26 сәуір аралығында Өзбекстанда республиканың жаңа Конституциясын қабылдау және азаматтардың дауыс беру орындарына еркін қол жеткізуіне жәрдемдесу бойынша референдум өткізу туралы қазақстандық тараптың назарына жеткізді.

Қазақстандық тарап өзбек тарапына осы мәселеде жәрдемдесуді растады. Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог атмосферасында өтті.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version