үй Әлем жаңалықтары Иран Қазақстанға заманауи ирригациялық технологияларды ұсынады

Иран Қазақстанға заманауи ирригациялық технологияларды ұсынады

14
0

2761 Awrora

Иран Қазақстанға заманауи ирригациялық технологияларды ұсынады

Фотосурет: Gov

Иран Қазақстанға егіс алқаптарын суарудың заманауи технологияларын ұсынуға дайын, деп хабарлайды DKnews.kz.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті.

Иран Қазақстанға заманауи ирригациялық технологияларды ұсынады

Тараптар егіс алқаптарын суару және суармалы суды тасымалдау кезінде су шығынын азайту үшін тәжірибе және технологиялар алмасу мәселесін талқылады.

Иран Қазақстанға заманауи ирригациялық технологияларды ұсынады

Атап айтқанда, ирандық компаниялар Қазақстанға жерасты суларын пайдаланатын заманауи суару жүйелерін, сондай-ақ суды өсімдіктердің тамырына тікелей жеткізетін тамшылатып суарудың автоматты қондырғыларын ұсынуға дайын.

Иран Қазақстанға заманауи ирригациялық технологияларды ұсынады

Осы технологиялардың нәтижесінде Иран күріш өсіруге жұмсалатын су шығынын едәуір азайтып, өнімділікті арттырған.

«Бүгінде біз су қоймалары мен басқа да су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша ауқымды жұмысты бастадық. Иран компанияларының осы бағытта үлкен тәжірибесі бар, тиімді технологияларды дамытуда. Олардың кейбірі елімізде жұмыс істеуде. Атап айтқанда, Жамбыл және Түркістан облыстарында ирригациялық желілерді қайта жаңғырту жұмысы белсенді жүріп жатыр. Сондықтан ирандық кәсіпкерлерді су инфрақұрылымын салу мен жөндеуге арналған конкурстарға қатысу үшін елімізге шақырғым келеді» Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов

Источник: dknews.kz