үй Әлем жаңалықтары Иран мен Бельгия тұтқын алмасты

Иран мен Бельгия тұтқын алмасты

17
0


                Иран мен Бельгия тұтқын алмасты

Фото: 24.kz

455 күн Иранда абақтыда отырған қайырымдық ұйымның қызметкері Оливье Вандекастил туған еліне қайтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. 2022-жылы тыңшылықпен айыпталған Бельгия азаматы 40 жылға сотталған болатын. Бельгиялықты ирандық дипломат Асадолла Ассадиге алмастырды. 2021 жылы лаңкестікке қатысы бар деген айыппен 20 жылға соттаған. Тұтқындармен алмасу Оман билігінің делдалдығымен өтті. Алайда Иран оппозициясы бұл шешіммен келіспей отыр.

Аладин Туран, Иран ұлттық қарсыласу кеңесінің мүшесі:

— Бұл мемлекеттік терроризм және кепілдерді алуды өз саясатына айналдырған билікке масқара құн болды. Бұл адамды босатқаны дұрыс емес деп санаймын.

Источник: nege.kz