үй Әлем жаңалықтары Испандық компания Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда

Испандық компания Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда

6
0

485 Арман

Испандық компания Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Испанияның «MAXAM» химиялық компаниясының Атқарушы Директоры Хуан Карлос Гарсиамен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар елімізде тау-кен өндіруге арналған арнайы құрамдас бөліктерді шығару бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Компания Қазақстан нарығында 2002 жылдан бері жұмыс атқаруда. Компанияның негізгі клиенттері тау-кен өндіру сегментіндегі компаниялар – «Қазақмыс» АҚ, «АрселорМиттал», «Казцинк», сондай-ақ «Богатырь Аксес Көмір» және «ЦентрАзияЦемент».

Испандық компания Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда

MAXAM Атқарушы Директоры Хуан Карлос Гарсиа аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты компания өнімді тасымалдау мен шикізатқа қол жеткізуде қиындықтарға тап бола бастағанын айтты. Осыған байланысты компания өндіріс орындарын Ресейден Қазақстанға көшіру мүмкіндігін қарастыруда. Оның айтуынша, инвестиция көлемі 15 миллион доллардан асуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев Қазақстанға инвестиция салудың артықшылықтарын, елдегі қолайлы бизнес-климатты және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты.

Испандық компания Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов ұлттық компанияның қызметі туралы айтып, сонымен қатар испандық компанияны инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

Испандық компанияның сапарын «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі ұйымдастырды.

MAXAM – тау-кен өнеркәсібінде, құрылыста және т.б. азаматтық мақсаттағы жарылғыш заттар мен жару жүйелерін әзірлеу және өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын өнеркәсіптік топ. Кәсіпорын спорттық ату мен аңшылыққа арналған патрондар мен мылтық шығарады, әртүрлі химиялық заттар мен тыңайтқыштарды жеткізуші болып табылады.

Источник: dknews.kz