үй Әлем жаңалықтары Италияда 250 мың жолаушының әуе рейсі кешікті

Италияда 250 мың жолаушының әуе рейсі кешікті

6
0


                Италияда 250 мың жолаушының әуе рейсі кешікті

Фото: ғаламтордан

 Италияда 250 мың жолаушы діттеген жеріне уақытында жете алмай, әлекке түсті.

Алматы, NEGE. Оған әуежай қызметкерлерінің ереуілі себеп. Наразылық акциясы салдарынан жүздеген рейс уақытында ұшпаған. Бірер күн бұрын елде темір жол қызметкерлері ереуіл ұйымдастырған еді. Бәрінің талабы бір — ашынған жұрт жалақысын көтеруді сұрайды. Италия көлік министрі наразы топты ақылға шақырып отыр. Өйткені қазір демалыс маусымы. Тиісінше ереуілдер әрі-бері қатынаған жолаушыларға өз кесірін тигізеді.   

Источник: nege.kz