үй Әлем жаңалықтары Израиль сарапшылар топтары Қазақстандағы парламенттік сайлаудың күн тәртібімен танысты

Израиль сарапшылар топтары Қазақстандағы парламенттік сайлаудың күн тәртібімен танысты

20
0

251 rob

Израиль сарапшылар топтары Қазақстандағы парламенттік сайлаудың күн тәртібімен танысты

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінде Елші Сатыбалды Буршаковтың қатысуымен ҚР Парламенті Мәжілісіне өтетін кезектен тыс сайлауға арналған сараптамалық кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға қатысқан израильдік саясаттанушылар, сарапшылар мен журналистер еліміздегі ішкі саяси процестерге жоғары қызығушылық танытты.

Израиль сарапшылар топтары Қазақстандағы парламенттік сайлаудың күн тәртібімен танысты

С. Бұршақов брифингке қатысушыларды 2023 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген сайлау жүйесіне енгізілген заңнамалар мен өзгерістер туралы және ағымдағы сайлау науқаны жайлы таныстырды. Дипломат сайлау процесін жаңғырту саяси жүйені түбегейлі қайта іске қосу қажеттілігінен туындағанын және былтырғы жылы өткен референдумда азаматтардың көпшілігі қолдаған конституциялық реформаның рухына толығымен сай келетінін атап өтті.

Израильдік сарапшылар өз пікірлерінде Қазақстан басшылығының саяси реформалары мен мемлекеттің тиімділігін одан әрі арттыру және инклюзивті қоғам құруға бағытталған жоспарларын оң бағалады.

Сайлау жүйелерінің халықаралық сараптама орталығының төрағасы Александр Цинкер Қазақстан Президентінің бастамасымен жүргізіліп жатқан сайлау процестері елде түбегейлі реформалар жүргізу тұрғысынан қисынды және өте маңызды екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, алдағы кезектен тыс сайлау халықтың билік жүйесіне деген сенімін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда шығармашылық жолын бастаған жазушы Светлана Штайнгурттың пікірінше еліміздің саяси жүйесі қазіргі заман рухына сәйкес өзінің эволюциялық дамуын көрсетуде.

«Лучшее радио Израиля» авторлық бағдарламасының жүргізушісі Цви Зильбер өз пікірінде Қазақстан күшті демократияландыру жолымен келе жатқанын атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, израильдік сарапшылар Қазақстанда жалғасын тауып жатқан оң өзгерістердің табысты болуына тілектестік білдірді.

Источник: dknews.kz