үй Әлем жаңалықтары Жүлде қоры — €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Жүлде қоры — €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

7
0

225 Арман

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Бүгін Астанада спортсүйер қауым, әсіресе шахмат жанкүйерлері үшін ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

«Астана Балет» театрының ғимаратында шахматтан әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатыстым.

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Әлем біріншілігіндегі матчтардың тарихы 1886 жылдан бастау алады. Осынау 137 жылдық тарихта шахматтан 16 әлем чемпионы анықталды.

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Мәдениет және спорт министрі ҚР Президентінің құттықтау хатын оқыды.

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Президент турнирге қатысушылар мен қонақтарды әлем чемпионатының басталуымен құттықтап, жарыстың спорт жанкүйерлері үшін маңызын атап өтті. Сондай-ақ, әлем біріншілігін елордада өткізу елімізде шахматтың дамуына үлкен серпін беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Кемелұлы сондай-ақ іс-шараға қатысқан Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) Президенті Аркадий Дворковичке алғысын жеткізді.

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Іс-шараның өзі жеребе тарту рәсімімен аяқталды. Ұйымдастырушылар оны жаңаша форматта өткізді: шахматшылар бірінші матчта ойнайтын фигуралардың түсін арнайы робот анықтады.

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

1 мамырға дейін әлемнің ең үздік шахматшылары Ян Непомнящий мен Дин Лижен чемпиондық атаққа таласады. Әлем чемпионаты — елімізде алғаш рет шахматтан өтіп жатқан беделді турнир. Сәуір бойы Астана дүниежүзінің назарында болады, сондықтан біз бұл жарысты ең жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырыстық.

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Турнир бағдарламасы әлем чемпионы атағы үшін матчтармен шектелмейді, 17-19 сәуірде қазақстандық шахматшылар танымал шетелдік спортшылардан жасақталған «Әлем құрамасына» қарсы рапид пен блицтен матчтар өткізеді. Бұл оқиға қазақстандық және шетелдік шахмат жанкүйерлерінің қызығушылығын тудыратынына сенімдімін.

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Бүгінгі таңда аталған спорт түрі елімізде бұрын-соңды болмаған өрлеу кезеңін бастан өткеріп жатыр. Біздің чемпиондар үлкен турнирлерді ұтып, осы жетістіктерден шабыт алып шахмат үйірмелеріне жазылған балалар көбейіп келеді. Мәселен, 2022 жылы республика бойынша 7618 секцияда 253 мыңнан астам адам шахматпен жүйелі түрде айналысса, осы оқу жылының басынан бері 28 мыңға жуық оқушы білім алатын 654 мектепте шахмат пәні факультатив ретінде енгізілді.

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Мемлекет басшысы елімізде спорттың осы түрін дамыту үрдісіне белсенді қатысады. Мысалы, күзде Қасым-Жомарт Кемелұлы FIDE Президенті Аркадий Дворковичпен кездесіп, еліміздің Халықаралық шахмат федерациясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

ҚР Мәдениет және спорт министрі fide-ге және Аркадий Владимировичке Қазақстанға көрсеткен сенімі үшін алғыс білдірді, сондай-ақ Қазақстандық шахмат федерациясына осы ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін алғысын білдірді.

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Жүлде қоры - €2 млн: Астанада шахматтан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Астанадағы әлем чемпионаты осы спорт түрін дамытудағы тағы бір маңызды қадам болады және біздің жас таланттарымыз үшін жақсы мотивация болады.

Источник: dknews.kz