Фото: 24.kz
Биыл Жерорта теңізінде 289 бала опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Бұл — Алғашқы жарты жылда, апта сайын 11 бала суға кеткен деген сөз. Барлығы — Солтүстік Африкадан Еуропаға заңсыз жолмен жетпек болған мигранттар. Осыған байланысты Юни-сеф өкілдері заңсыз көші-қонмен күресті күшейтуге шақырып отыр. Жыл басынан бері Италияға Африкадан 12 мыңдай мигрант бала табан тіреген. Былтыр бұл сан, екі есе аз болған.
Источник: nege.kz