үй Әлем жаңалықтары Жириновскийдің ұлы қамауға алынды

Жириновскийдің ұлы қамауға алынды

18
0


                Жириновскийдің ұлы қамауға алынды

Фото: ғаламтордан

Мәскеудің Тверьск соты Владимир Жириновскийдің ұлы Олег Эйдельштейнді полицейге шабуыл жасағаны үшін әкімшілік қамауға алды.

Алматы, NEGE. Сот шешімі бойынша ол алдағы 15 күнді қамауда өткізеді.

Мәскеу мейрамханаларының бірінде демалып жатқан кезінде мас күйінде жанжал шығарған.

Кейін полиция бөлімшесінде ол тәртіп сақшысына шабуыл жасаған. Тәртіп сақшысының кеуде тұсын ауыр жарақаттаған. 

Олег Эйдельштейн — Владимир Жириновскийдің некесіз туған екі баласының бірі. Оның анасы Жанна Газдарова Солтүстік Осетияның тумасы. Ол әкесі жағынан атасының тегін алды.

Источник: nege.kz