үй Әлем жаңалықтары Кезекті ірі есірткі контрабандасы арнасының жолы кесілді

Кезекті ірі есірткі контрабандасы арнасының жолы кесілді

25
0

953 Арман

Кезекті ірі есірткі контрабандасы арнасының жолы кесілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасына қатысы бар халықаралық есірткі синдикатының әрекетін бейтараптандырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кезекті ірі есірткі контрабандасы арнасының жолы кесілді

Жедел жете тексеру барысында шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастыруға қатысы бары анықталды.

Кезекті ірі есірткі контрабандасы арнасының жолы кесілді

Жедел қызметкерлер Каспий су айлағы арқылы есірткіні тасымалдау бағдарлары мен тәсілдерін егжей-тегжейлі айқындады. Есірткі тобының мүшелері оларды анықтауда қиындық тудырған қазіргі заманғы спутниктік навигация құралдарымен және GPS-пен жабдықталған шағын жылдам жүретін кемелерді пайдаланғаны туралы айта кету керек.

 

2023 жылғы 26 наурызда Маңғыстау облысында операцияның аяқталу кезеңінде ҰҚК мен «А» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері есірткі арнасын ұйымдастырушыны және оның үш көмекшісін ұстады.

Кезекті ірі есірткі контрабандасы арнасының жолы кесілді

Кезекті ірі есірткі контрабандасы арнасының жолы кесілді

Оларды ұстау ҰҚК Шекара қызметінің катерлерімен жағалау аймағын бөгеу арқылы жүргізілді. Бақылау ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану жолымен жүзеге асырылды.

Кезекті ірі есірткі контрабандасы арнасының жолы кесілді

Кезекті ірі есірткі контрабандасы арнасының жолы кесілді

Контрабандашылардың су көлігін тексеру кезінде 30 кг-дан астам апиын және 10 қаптама «метадон» психотроптық заты табылды.

Кезекті ірі есірткі контрабандасы арнасының жолы кесілді

Кезекті ірі есірткі контрабандасы арнасының жолы кесілді

Осы іс бойынша материал СТБТ-да тіркелді, тергеу іс-шаралары прокуратура органдарымен өзара іс-қимылда жүргізілуде.

Источник: dknews.kz