үй Әлем жаңалықтары Үкіметаралық комиссия Қазақстанда тұратын этникалық немістерді қолдау жөніндегі шаралар кешенін қарастырды

Үкіметаралық комиссия Қазақстанда тұратын этникалық немістерді қолдау жөніндегі шаралар кешенін қарастырды

15
0

787 rob

Үкіметаралық комиссия Қазақстанда тұратын этникалық немістерді қолдау жөніндегі шаралар кешенін қарастырды

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Бундестаг депутаты, ГФР-дың қоныс аударушылар және ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Федералды үкіметінің уәкілі Натали Павликтің тең төрағалығымен Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселелері жөніндегі Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 19-шы отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан-Германия ҮАК отырыстарының тұрақты өткізілуі Қазақстанда тұратын 226 мың этникалық немістерді, сондай-ақ неміс тілі мен мәдениетіне қызығушылық білдіретін басқа да азаматтарды қолдауға бағытталған. Қазақстаннан Германияға қоныс аударған 1 млн неміспен бірге олар екі елдің мемлекетаралық байланыстарының үдемелі дамуы үшін маңызды түйісу нүктесі болып табылатын «жанды көпірді» қалыптастырады.

Үкіметаралық комиссия Қазақстанда тұратын этникалық немістерді қолдау жөніндегі шаралар кешенін қарастырды

Өзінің алғы сөзінде Р. Василенко Қазақстанның біртұтас әлеуметтік-мәдени кеңістігінде әртүрлі халықтардың бірлесіп өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселесінің ерекше маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Министрдің орынбасары Қазақстанда білім берудегі Германияның кәсіптік-техникалық моделін одан әрі енгізу және ҚР-да неміс техникалық жоғары оқу орындарының өкілдіктерін ашу жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.

Үкіметаралық комиссия Қазақстанда тұратын этникалық немістерді қолдау жөніндегі шаралар кешенін қарастырды

«Мәдениет, білім және әлеуметтік салада қолдау көрсету бойынша үкіметтер қабылдаған лайықты шаралар Қазақстандағы этникалық немістердің болашағының жақсы болуын қамтамасыз етеді және осылайша олардың дамуымен бірге біздің республикамыздың, екі мемлекет арасындағы жақсы қарым-қатынастардың нығайтуына маңызды үлес қоса алады», – деді қазақстандық дипломат.

Үкіметаралық комиссия Қазақстанда тұратын этникалық немістерді қолдау жөніндегі шаралар кешенін қарастырды

Өз кезегінде, ҮАК-тің неміс тарапынан тең төрағасы Н. Павлик Қазақстанның этникалық немістерінің екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосып отырған маңызды үлесін және Германияның Федералдық үкіметі өзара іс-қимылдың осы бағыттарын нығайтуды жалғастыратынын атап өтті.

Үкіметаралық комиссия Қазақстанда тұратын этникалық немістерді қолдау жөніндегі шаралар кешенін қарастырды

Отырыс аясында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Евгений Больгерт, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин тақырыптық баяндамалар жасады. Неміс тарапына «Возрождение» қорының, Орталық Азиядағы жалғыз Қазақстан-Неміс университетінің, неміс мәдени орталықтарының, мектептерінің, ТМД кеңістігіндегі жалғыз мемлекеттік республикалық академиялық неміс драма театрының, сондай-ақ апталық, неміс тілді «Deutsche Allgemeine Zeitung» газетінің қызметі туралы ақпарат ұсынылды.

Үкіметаралық комиссия Қазақстанда тұратын этникалық немістерді қолдау жөніндегі шаралар кешенін қарастырды

Іс-шараның қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның неміс этносын кешенді қолдау бойынша екі ел үкіметтерінің болашақ шараларын көздейтін Коммюникеге қол қойды.

Источник: dknews.kz